Закирова Айна Сырымханқызы » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
қыркүйек
2025

Закирова Айна Сырымханқызы

Закирова Айна Сырымханқызы 
1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Балықты ауылында дүниеге келдім. Мектеп табалдырығын Тараз қаласының Жамбыл Жабаев атындағы №5 гимназиясын аттап, 11-сыныпты сол мектепті үздік аттестатқа бітіріп шықтым.
2002 ж Тараз Мемлекеттік Университетіне конкурстық негізде физика және информатика мамандығы бойынша грант иеленіп,  2006 жылы бітіріп шықтым. 
   Еңбек жолын 2007 жылы  ақпан айында Алматы қаласының Медеу ауданы,№100 орта мектебінде информатика пәні мұғалімі ретінде бастадым. 
  2008 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» гимназияға информатика пәні мұғалімі ретінде ауыстым. 
  2015-2016 жж аталған гимназияда директордың бейін және ғылыми ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.
  2016-2025 жылдың ақпан айына дейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым.
  2024 ж мемлекет президенті  Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен  «Өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында құрылған кадрлық резерв құрамына кірдім.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив