STEM. STEAM. STREAM — Келешек мектебінің негізі! » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » STEM. STEAM. STREAM — Келешек мектебінің негізі!
07
қазан
2025

STEM. STEAM. STREAM — Келешек мектебінің негізі!

№ 218 жалпы білім беретін мектептің  мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг



7 – 9 қазан күндері біздің мектебімізде  биология, физика, химия, математика және география пәні мұғалімдеріне арналған «STEM және STREAM тәсілдері арқылы пәндерді ықпалдастыра оқыту» тақырыбында екі күндік семинар өтті.
Семинарды математика  пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші  және Алматы қаласының 2025 жылғы даму бағдарламасы аясындағы халықаралық тағылымдаманың қатысушысы —  Абдикерова Жанар Торгайбековна  өткізді.
Семинардың мақсаты — жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту, STEM білім беру саласындағы Оңтүстік Корея, Жапония және Сингапур елдерінің инновациялық тәжірибесі мен үлгісін зерделеу арқылы халықаралық деңгейдегі білім беру тәжірибесін меңгеру.
🧪 Семинар барысында ұстаздар:
— STEM мен STEAM технологияларының айырмашылығын талдады;
— STREAM моделін пайдаланып практикалық тапсырмалар орындады;
— ғылым, технология, инженерия, өнер және математика сабақтарын біріктіретін әдістерді тәжірибеде қолданды;
— «оқушы – зерттеуші, мұғалім – бағыттаушы» қағидасын жүзеге асыру жолдарын талқылады. 
Қатысушылар халықаралық тәжірибеден алынған нақты кейстерді талқылап, өз пәндеріне арналған шағын жобалар жасап, «фракталдар», «көпір моделін құру», «космостық есептер» секілді тәжірибелер арқылы STEM сабақтарының шығармашылық әлеуетін сезінді.
🌱 Келешек  мектебі – тек білім беру емес, шығармашылық пен зерттеудің орталығы! 

Осындай тренингтер ұстаздарға жаңашыл көзқарас пен шабыт сыйлайды





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив