Біз туралы » Страница 8 » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаңадан келген оқушылардың ата-аналарына  психологиялық кеңес беру ашық есік күні
10
қараша
2025
Жаңадан келген оқушылардың ата-аналарына психологиялық кеңес беру
2025-2026 оқу жылында мектепке жаңадан қабылданған оқушылардың бейімделуін жеңілдету және олардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатында мектептің педагог-психологтары Камал А.Б және Иманбекова М.М ата-аналармен жеке/топтық кеңес беру ашық есік күні ұйымдастырылды.  Кеңес барысында бала психикасының бейімделу ерекшеліктері түсіндірілді.Ата-аналар баласының мектептегі жағдайы туралы өз  пікірлерін  білдірді. Жаңа ортаға сәтті бейімделу жолдары бойынша практикалық кеңестер
Мектебімізде «Менің болашақ қалам» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді.
10
қараша
2025
Мектебімізде «Менің болашақ қалам» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары
Іс-шара барысында оқушылар өз қиялындағы болашақ қаланы бейнелеп, экологиялық таза, заманауи, дамыған және жасыл қала туралы өз ойларын сурет арқылы көрсетті. Әрбір жұмыс ерекше идеяларымен және бояу үйлесімділігімен ерекшеленді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдау арқылы өз елінің болашағын елестетуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
№218 жалпы білім беретін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп Парламенті» мүшелерінің ұйымдастыруымен «Дублер күні» өткізілді.
06
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жауапкершілігін арттыру, өзін-өзі басқару қабілеттерін дамыту, ұстаз еңбегін құрметтеу және мектеп өміріне белсенді араласуға баулу. Бұл күні жоғары сынып оқушылары мектеп мұғалімдерінің, әкімшілік құрамының, тәлімгер мен кітапханашы, тіпті техникалық қызметкерлердің де орнына дублер болып, бір күндік қызмет атқарды. Оқушылар сабақ өткізіп, мектеп тәртібін бақылап, сыныптармен жұмыс жүргізді. Мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара түсіністік пен сыйластық
Мектебімізде «Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.
16
қазан
2025
Мектебімізде «Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным!» тақырыбында
Байқауға 5-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз туындылары арқылы туған жерге деген патриоттық сезімдері мен эстетикалық көзқарастарын көрсетті. Оқушылардың еңбектері әділ қазылар алқасымен бағаланып, төмендегі номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталды: «Шығармашылық шеберлік» номинациясы «Отанға деген сүйіспеншілік» номинациясы «Үздік көркемдік жұмыс» номинациясы Жеңімпаздар мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
STEM. STEAM. STREAM — Келешек мектебінің негізі!
07
қазан
2025
STEM. STEAM. STREAM — Келешек мектебінің негізі!
№ 218 жалпы білім беретін мектептің  мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг 7 – 9 қазан күндері біздің мектебімізде  биология, физика, химия, математика және география пәні мұғалімдеріне арналған «STEM және STREAM тәсілдері арқылы пәндерді ықпалдастыра оқыту» тақырыбында екі күндік семинар өтті. Семинарды математика  пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші  және Алматы қаласының 2025 жылғы даму бағдарламасы аясындағы халықаралық тағылымдаманың қатысушысы —  Абдикерова Жанар Торгайбековна  өткізді.