15
қыркүйек
2025
«Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында 2 «А» сыныбында «Менің қызығушылық әлемім» атты кәсіптік бағдар беру сабағы өткізілді.
«Адал азамат» бірыңғай бағдарламасы аясында 2 «А» сыныбында «Менің қызығушылық әлемім» атты кәсіптік бағдар беру сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының жеке қызығушылықтарын анықтау, олардың қабілеттерін тануына ықпал ету және түрлі мамандықтар әлемімен таныстыру болды.
Сабақ барысында оқушылар өзіне ұнайтын іс-әрекеттерді талдап, болашақта қай салада өзін көретінін ой елегінен өткізді. Балалар әртүрлі мамандықтар туралы қызықты мәліметтер алып, өзінің әлеуетін сезінуге мүмкіндік алды.