18
қараша
2025
«Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ мамандары 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді 💬
№218 жалпы білім беретін мектепте «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ мамандарының қатысуымен 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беріліп, Mansap және Skills платформаларының мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау, кәсіби қызығушылықтарын анықтауға қолдау көрсету және олардың еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуіне жағдай жасау болды.
Шара оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейтіп, болашаққа сенімді қадам жасауына ықпал етті.

