19
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Сөйлемнің бірыңғай мүшелері»
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы мектептің білім кеңістігін жандандырып, жас шәкірттердің шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған мазмұнды шаралармен толықты.
Апталық аясында 4 «В» сынып жетекшісі Мурундукова Д. қазақ тілі пәнінен «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері» тақырыбында жоғары әдістемелік деңгейде ашық сабақ өткізді.
Сабақтың құрылымы көрнекілікке, мазмұн тереңдігіне және оқушылардың тілдік дамытуына бағытталып, білім алушыларды қызықтыра білетін заманауи әдістермен байытылды. Тақырыпты меңгерту барысында түрлі түсті көрнекіліктер, интерактивті тапсырмалар, топтық және жұптық жұмыстар тиімді қолданылды. Ашық сабақтың әр кезеңі оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілдік қорын кеңейтуге ықпал етті.
Балалар бірыңғай мүшелердің сөйлемдегі қызметін анықтап, мысалдар құрап, шығармашылық тапсырмалар арқылы өз ойын сауатты жеткізуге машықтанды. Сабақтағы жылы атмосфера, ұстаздың шеберлігі мен оқушылардың белсенділігі үйлесім тауып, сабақтың тәрбиелік әрі танымдық мәнін айшықтай түсті.
Мурундукова Д. өткізген бұл ашық сабақ бастауыш сынып апталығының мазмұнын байытып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты