19
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының кезекті ашық сабағы: "Қанайналым жүйеесі қалай жұмыс жасайды"
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында мектепте «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар легімен өрбіді. Апталық аясында әр сынып өзінің шығармашылығын, білімін және ізденісін көрсетіп, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған мазмұнды жұмыстар атқарды.
Осы жоспар бойынша 3 «Г» сынып жетекшісі Мерекебаева М. жаратылыстану пәнінен «Қанайналым жүйесі қалай жұмыс жасайды?» тақырыбында тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар адам ағзасының күрделі әрі ғажайып жүйелерінің бірі — қанайналымның қызметімен тереңірек танысты. Жүректің тоқтаусыз соғуы, қан тамырлары арқылы өмір нәрі — қанның бүкіл ағзаға таралуы секілді процестер оқушыларға түсінікті әрі қызықты тәсілдермен жеткізілді.
Мұғалім сабақта көрнекіліктерді, интерактивті әдістерді, тәжірибелік бақылауларды шебер қолдана отырып, оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, олардың ойлау дағдысын дамытуға ерекше ықпал жасады. Балалар өздігінен сұрақ қойып, пікір бөлісіп, зерттеушілік қабілеттерін танытты.
Ашық сабақ апталықтың мазмұнын байытып, оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға зор үлес қосты.