2 «А» сыныбымен «Сиқырлы түстер» атты көңілді үзіліс өткізілді.
2025–2026 оқу жылы ішінде мектеп тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Адал азамат» тақырыбы аясында оқушылардың уақытын тиімді пайдалану, сынып ішінде достық қарым-қатынасты нығайту, сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту және эмоционалдық-әлеуметтік жай-күйін жақсарту мақсатында «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылды. Іс-шаралар барлық уақытта мектептің кабинеттерінде өткізілді, бұл оқушылардың қауіпсіздігі мен тәртіп талаптарына сәйкес келетін ортада ұйымдастырылды.2 «А» сыныбында «Сиқырлы түстер» атты көңілді үзіліс өткізілді. «Сиқырлы түстер» көңілді үзілісі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және бір-біріне деген сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар түстердің мағынасы туралы әңгімелесіп, әр түстің адам мінезі мен көңіл күйіне әсері жөнінде түсінік алды. Сонымен қатар, түстер арқылы адалдық, мейірімділік, әділдік сияқты адамгершілік қасиеттерді ажырата білуге үйренді. Көңілді үзіліс барысында оқушылар түрлі ойындар мен тапсырмаларға белсене қатысты. Атап айтқанда, «Түсті таңда», «Сиқырлы бояулар», «Түстер сөйлейді», «Қай түс қай сезімді білдіреді?» атты ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Командалық тапсырмалар арқылы бір-біріне көмектесу, ортақ шешім қабылдау, ойын ережесін сақтау дағдылары қалыптасты.