12
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп Парламенті» мүшелерінің ұйымдастыруымен «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, мейірімділік пен қамқорлыққа баулу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту.
Жәрмеңке барысында оқушылардың шығармашылық еңбектері, өз қолымен жасалған бұйымдары мен сәндік заттары қойылды. Бұл іс-шара оқушылардың еңбекқорлығын, ұйымшылдығын және эстетикалық талғамын арттырды.Жәрмеңке ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл күйде өтті.
Бұл шара оқушылардың бойында ізгілік, қайырымдылық және бір-біріне қолдау көрсету қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.