21
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Әжемнің оюы. Текемет басу»
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы мектеп ішінде шығармашылық рухты жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралармен толықты. Әрбір сабақ — жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіретін рухани алаңға айналды.
Апталықтың шеңберінде 3 «Б» сынып жетекшісі Қайрат Жанерке еңбекке баулу пәнінен «Әжемнің оюы. Текемет басу» атты ұлттық дәстүрге негізделген әсерлі де тәрбиелік мәні зор ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушыларды халқымыздың қолөнер мұрасымен жақын таныстыруға, ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталды.
Сабақ барысында ұстаз текемет басу өнерінің тарихын, ою-өрнектердің мағыналық сырын, олардың әрбір иірімінде жатқан даналық пен эстетикалық үйлесімділікті шебер тілмен жеткізді. Көрнекіліктер, қолөнер бұйымдарының үлгілері, бейнематериалдар қолданылып, сабақ мазмұны көзбен көріп, қолмен сезінуге болатын тәрбиелік ортаға айналды.
Оқушылар оюдың сырын ашып, қол еңбегінің қыр-сырын меңгеріп, топтық жұмыстар арқылы өз шығармашылықтарын көрсетті. Әжелер мұрасын дәріптеген бұл сабақ балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың эстетикалық талғамын, еңбекқорлық қасиетін дамытуға зор ықпал етті.
Қайрат Жанерке өткізген ашық сабақ бастауыш сынып апталығының мәнін арттырып, жас буынның ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін тереңдетті.