«Көңілді үзілістер» бағдарламасы әр сыныптың жас ерекшелігіне қарай жоспарланып, ұйымдастырылды. » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көңілді үзілістер» бағдарламасы әр сыныптың жас ерекшелігіне қарай жоспарланып, ұйымдастырылды.
20
қаңтар
2026

«Көңілді үзілістер» бағдарламасы әр сыныптың жас ерекшелігіне қарай жоспарланып, ұйымдастырылды.

«Көңілді үзілістер» бағдарламасы әр сыныптың жас ерекшелігіне қарай жоспарланып, ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында оқушыларға ойын-сауық элементтері, интеллектуалдық және шығармашылық тапсырмалар, командалық жарыстар, викториналар, сурет салу және шығармашылық бейнелеу, қысқа театрландырылған көріністер, ән айту, би билеу сияқты белсенді және қызықты әрекеттер ұсынылды. Әрбір ойын немесе тапсырма «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес келетін тақырыптармен байланысты болды: адалдық, әділдік, сыйластық, жауапкершілік, өзіне және өзгеге деген құрмет. 3 «Е» сыныбында «Бірдей суретті тап» және «Шарикті табу» атты көңілді үзіліс ұйымдастырылып өткізілді.Көңілді үзілістің негізгі мақсаты – оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын дамыту, сонымен қатар сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылар арасында өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды. Ойындар барысында оқушылар адалдық, әділдік, шыдамдылық және бір-біріне қолдау көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді іс жүзінде көрсете білді.

Іс-шара барысында «Бірдей суретті тап» ойыны ұйымдастырылып, оқушылар берілген суреттердің ішінен бірдей бейнелерді жылдам әрі дәл табуға тырысты. Бұл ойын балалардың байқампаздығын, шапшаңдығын және зейінін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар «Шарикті табу» ойыны арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, ойынды әділ ережемен ойнау дағдылары дамытылды. Оқушылар ойын шарттарын сақтай отырып, бір-біріне көмектесіп, белсенділік танытты.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив