«Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 2 «Ә» сыныбында білімге байланысты, есеп шығару элементтерін қамтыған көңілді үзіліс ұйымдастырылып өткізілді. » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 2 «Ә» сыныбында білімге байланысты, есеп шығару элементтерін қамтыған көңілді үзіліс ұйымдастырылып өткізілді.
19
қаңтар
2026

«Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 2 «Ә» сыныбында білімге байланысты, есеп шығару элементтерін қамтыған көңілді үзіліс ұйымдастырылып өткізілді.

«Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 2 «Ә» сыныбында білімге байланысты, есеп шығару элементтерін қамтыған көңілді үзіліс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара мектеп кабинетінде өтіп, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілді.

Көңілді үзілістің негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және білімге деген қызығушылығын көтеру, сонымен қатар сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Тапсырмалар арқылы оқушылар адалдық, әділдік, жауапкершілік және бір-біріне көмектесу сияқты адамгершілік құндылықтарды іс жүзінде көрсете білді.

Іс-шара барысында оқушыларға түрлі деңгейдегі қызықты есептер, логикалық тапсырмалар, жылдам есептеу ойындары ұсынылды. «Кім жылдам?», «Дұрыс жауапты тап», «Ойлан да шеш» сияқты ойындар арқылы оқушылар есептерді өз бетінше және топпен шығарып, білімдерін бекітті. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив