«Самал су» кәсіпорнына танымдық экскурсия
10-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Самал су» кәсіпорнына танымдық экскурсияға қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды өндіріс саласымен таныстыру, нақты жұмыс ортасын көру арқылы болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру болды. Экскурсия барысында оқушылар кәсіпорынның жұмыс жүйесімен, суды тазарту, құю, қаптау және тарату үдерістерімен танысты. Мамандар өндірістің заманауи технологиялармен жабдықталғанын, қауіпсіздік ережелерін, жұмыс процесінің кезеңдерін