«Самал су» кәсіпорнына танымдық экскурсия » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Самал су» кәсіпорнына танымдық экскурсия
30
қыркүйек
2025

«Самал су» кәсіпорнына танымдық экскурсия

10-сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Самал су» кәсіпорнына танымдық экскурсияға қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды өндіріс саласымен таныстыру, нақты жұмыс ортасын көру арқылы болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру болды.

Экскурсия барысында оқушылар кәсіпорынның жұмыс жүйесімен, суды тазарту, құю, қаптау және тарату үдерістерімен танысты. Мамандар өндірістің заманауи технологиялармен жабдықталғанын, қауіпсіздік ережелерін, жұмыс процесінің кезеңдерін түсіндіріп, түрлі мамандық иелерінің қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Бұл экскурсия оқушылардың кәсіби көзқарасын кеңейтіп, өндірістік орта туралы нақты түсінік қалыптастырды. Оқушылар еңбек дағдыларының, жауапкершіліктің және технологиялық сауаттылықтың маңызын ұғына отырып, болашақ мамандық таңдауға деген ынтасын арттырды.






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив