«Бейжіңде оқу» халықаралық білім көрмесі
21 қазан 2025 жылы Алматы қаласында өткен «Бейжіңде оқу» халықаралық білім көрмесіне №218 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары қатысты. Көрме Бейжің қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің таныстырылымын қамтып, оқушыларға шетелдік білім беру бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында оқушыларға 2025–2027 жылдарға арналған білім беру жүйесін жаңғырту бағыттары, жоғары оқу орындарының қабылдау талаптары, гранттық бағдарламалар, «Жібек жолы» елдері арасындағы білім беру серіктестігі туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы байланыс пен академиялық мүмкіндіктер таныстырылды.
Көрмеге қатысу оқушылардың шетелде білім алу мүмкіндіктері жөнінде түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандық пен оқу бағытын саналы таңдауға бағыт берді.




