18
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару»
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында мектепте өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы жас буынның танымдық белсенділігін арттырып, оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін ашуға бағытталған сан қырлы іс-шаралармен өрнектелді.
Апталық шеңберінде 18 қараша күні 3 «Ә» сынып жетекшісі Зейтказиева Ж. математика пәнінен «Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару» тақырыбында әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған, мазмұны терең ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар шамалардың өзара байланысын түсініп, тәуелділікке негізделген есептерді шешудің тиімді жолдарын меңгерді. Мұғалім көрнекілікті, логикалық тапсырмаларды және өмірмен байланысты жағдаяттарды шебер қолдана отырып, балалардың ойлау қабілетін, талдау дағдысын және математикалық мәдениетін дамытуға зор мүмкіндік жасады.
Интерактивті әдістер, топтық және жұптық жұмыстар оқушылардың белсенді қатысуына жол ашып, пәнге деген қызығушылығын арттырды. Сабақтың жалпы атмосферасы ынтымақтастыққа, ізденіске және білімге деген жаңа құлшынысқа толы болды.
Зейтказиева Ж. өткізген бұл ашық сабақ апталықтың мазмұнын байытып, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға елеулі үлес қосты.