08
желтоқсан
2025
№218 жалпы білім беретін мектепте «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасындағы сыйластық пен жауапкершілікті дәріптеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы туралы өлеңдер оқып, көрініс қойды, «Менің отбасым – менің бақытым» атты тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар ата-аналар мен балалар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, жанұялық құндылықтар жайында әңгіме өрбіді.
Сынып сағаты жоғары деңгейде өтті, оқушылар мен ата-аналар белсенділік танытты.