«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Қазақстанда ғылымның дамуы» » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Қазақстанда ғылымның дамуы»
19
қараша
2025

«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Қазақстанда ғылымның дамуы»

17.11.–27.11.2025 ж. аралығында мектепте дәстүрлі «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы өткізілді. Бұл апталық білім ордасының шығармашылық тынысын кеңейтіп, жас буынның ғылымға, ізденіске, жаңа танымға деген қызығушылығын арттырған мазмұны терең іс-шаралармен жалғасын тапты.
Апталық аясында 19 қараша күні сағат 10:45–11:30 аралығында 4 «Е» сынып жетекшісі Карамендина С дүниетану пәнінен «Қазақстанда ғылымның дамуы» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстандағы ғылымның қалыптасу жолын, дамуына үлес қосқан көрнекті ғалымдарды, ғылыми жаңалықтардың қоғам өміріндегі маңызын танып-білді. Мұғалім тарихи деректерді, тың мәліметтерді, көрнекі иллюстрациялар мен заманауи цифрлық материалдарды шебер қолдана отырып, сабақ мазмұнын оқушыларға қызықты әрі түсінікті жеткізді.
Оқушылар топтық талдау жасап, өз ойларын еркін білдіріп, ғылымның адам өміріндегі рөліне байланысты пікірлерін ортаға салды. Сабақтағы ынтымақтастық атмосферасы мен ұстаздың кәсіби шеберлігі балалардың зерттеушілік қабілеттерін оятып, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.
Карамендина С. өткізген бұл ашық сабақ бастауыш сынып апталығының мазмұнын байытып, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.




 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив