«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының сыныптан тыс сабақ: ««Ертегілер еліне саяхат»»
17.11–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы аясында мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, бастауыш буын оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту болды.
Апталық барысында 3–4 сынып жетекшілері Манапова Қ. және Әлихан Ж. апайлар оқушыларға арналған «Ертегілер еліне саяхат» атты тәрбиелік мәні зор, қызықты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Шара барысында балалар ертегілер әлеміне еніп, әртүрлі кейіпкерлермен танысып, сюжеттік тапсырмаларды орындау арқылы қиялын дамытып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мұғалімдер ұйымдастырған ойындар мен сахналық көріністер балалардың қызығушылығын арттырып, ертегілердің тәрбиелік мәнін терең түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, адалдыққа, тапқырлық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, қазақ халық ертегілерінің құндылығын насихаттау болды. Балалар өз ойларын еркін білдіріп, кейіпкерлер әрекетін талдап, жақсы мен жаманды ажыратуға дағдыланды.
Бұл шара апталықтың мазмұнын байытып қана қоймай, бастауыш сынып оқушыларының рухани дамуына, шығармашылық ойлауына, сөйлеу мәдениетіне оң ықпал етті. Манапова Қ. мен Әлихан Ж. апайлардың ұйымдастырған жұмысы оқушылар үшін қызықты әрі тәрбиелік маңызы зор болды.



