Оқушыларға » Страница 5 » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіптік бағдар беру мақсатында сауалнама жүргізілді
10
қыркүйек
2025
Кәсіптік бағдар беру мақсатында сауалнама жүргізілді
✅Оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт беру және кәсіби қызығушылықтарын анықтау мақсатында мектепте 9-сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында оқушылар өздерінің болашақ мамандығына деген көзқарастарын, қызығушылықтары мен бейімділіктерін білдірді. Бұл сауалнама оқушылардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы түсінігін кеңейтуге, сонымен қатар олардың жеке қабілеттерін ескеріп, өз болашағын дұрыс бағытта жоспарлауына ықпал етті.
Оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында №218 жалпы білім беретін мектеп «Жолда жүру ережесін біл» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
04
қыркүйек
2025
Оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттыру және
Іс-шара барысында оқушыларға жол белгілерінің мағынасы түсіндіріліп, жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік ережелері туралы бейнематериал көрсетілді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары арасында жол қозғалысы туралы викторина және сурет көрмесі өткізілді. Бұл іс-шара оқушылардың жолдағы жауапкершілігін арттыруға, өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеу керектігін ұғынуға бағытталды. Мақсаты:  Оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол ережелерін сақтау дағдыларын дамыту,
№218 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «Менің өмірімдегі Конституция» атты челлендж өткізілді.
03
қыркүйек
2025
№218 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының
Челлендж барысында оқушылар өздерінің Конституция туралы ойларын, бейнежазбалар мен суреттерін әлеуметтік желілерде жариялады. Әр қатысушы өз өміріндегі Конституцияның рөлін мысалдар арқылы көрсетті. Іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, құқықтық сауаттылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болды. Челлендж жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Назад 1 2 3 4 5 Вперед