04
қыркүйек
2025
Оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында №218 жалпы білім беретін мектеп «Жолда жүру ережесін біл» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушыларға жол белгілерінің мағынасы түсіндіріліп, жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік ережелері туралы бейнематериал көрсетілді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары арасында жол қозғалысы туралы викторина және сурет көрмесі өткізілді.
Бұл іс-шара оқушылардың жолдағы жауапкершілігін арттыруға, өз өмірі мен өзгенің өміріне қауіп төндірмеу керектігін ұғынуға бағытталды.
Мақсаты:
Оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, жол ережелерін сақтау дағдыларын дамыту, қауіпсіз өмір салтын насихаттау.