Оқушыларға » Страница 3 » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіптік бағдар беру мақсатында 10-сынып оқушылары "ATU Open DAY 2025" Ашық есік күніне қатысып қайтты.
28
қараша
2025
Кәсіптік бағдар беру мақсатында 10-сынып оқушылары "ATU Open DAY
Кәсіптік бағдар беру мақсатында 10-сынып оқушылары "ATU Open DAY 2025" Ашық есік күніне қатысып қайтты. Олар университеттің білім беру жүйесімен, мамандықтарымен, кафедраларымен, оқытушылар құрамымен және студенттік өмірімен жан-жақты танысты. Іс-шара барысында оқушыларға мамандықтар бойынша ақпараттық таныстырылымдар ұсынылып, бағыт-бағдар беру жұмыстары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы және шығармашылық жастар ұжымдарының
Мектебімізде қыз балалар арасында «Ерте жыныстық қатынас неге әкеп соқтырады?» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.
27
қараша
2025
Мектебімізде қыз балалар арасында «Ерте жыныстық қатынас неге әкеп
  Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру, жауапты шешім қабылдау мәдениетін жетілдіру және ерте жыныстық қатынастың денсаулыққа, психологиялық жағдайға және болашақ өмірге әсері туралы түсінік беру болып табылады. Іс-шара барысында оқушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өмірлік жағдайлар талқыланды. Соңында қыздарға өзін құрметтеу – өз денсаулығын, болашағын және өмірлік мақсаттарын бағалау екені ескертілді. Бұл
№218 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтары 6- сынып оқушыларымен «Мен және менің сыныбым»  тақырыбында  психологиялық тренинг өткізді.
24
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтары 6- сынып
Тренинг барысында оқушылар бір-бірімен ашық қарым-қатынас орнатуға, өз сыныбын мақтан тұтуға және ұжымда бірге жұмыс істеуге бағытталған бірнеше психологиялық жаттығулар орындады. Жаттығулар арқылы балалар өзара қолдау көрсету, тыңдау, өз ойын жеткізу дағдыларын жетілдірді. Топтық жұмыс пен шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ынтымақтастығын арттырды. 
№218 жалпы білім беретін мектебіміздің психологтары Камал А және Иманбекова М  7 - сынып оқушыларымен “Мен өзіме сенімдімін!” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
24
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектебіміздің психологтары Камал А және
Тренинг барысында қатысушылар стресс туралы негізгі ақпаратпен танысып, өз сезімдерін түсіну, эмоцияларын реттеу және жағымсыз көңіл күйді жеңу тәсілдерін меңгерді. Әр түрлі жаттығулар арқылы оқушылар позитивті ойлаудың маңызын ұғынды, сенімділік пен жауапкершілікті сезіне алды. Сонымен қатар, бір-бірін тыңдау мәдениеті, өзара қолдау көрсету, empatiya таныту және қауіпсіз қарым-қатынас орнату дағдылары дамытылды. Топтық жұмыс оқушылар арасында сенімді атмосфера қалыптастырып, олардың өз-өзіне
XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесі
19
қараша
2025
XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесі
19 қараша 2025 жылдары Алматы қаласында өткен XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесіне 11-сынып оқушылары қатысты. Шара «Атакентте» өтіп, оқушыларға еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындары, түрлі мамандықтар мен білім беру бағдарламалары жөнінде кең ауқымды ақпарат алуға мүмкіндік берді. Көрмеге қатысу барысында оқушылар әр оқу орнының таныстырылымдарын тыңдап, өз қызығушылықтары мен болашақ кәсіби бағытын айқындауға көмектесетін материалдармен танысты. Сонымен қатар,
«Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ мамандары 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді 💬
18
қараша
2025
«Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ мамандары 9–11
№218 жалпы білім беретін мектепте «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ мамандарының қатысуымен 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беріліп, Mansap және Skills платформаларының мүмкіндіктері таныстырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыттау, кәсіби қызығушылықтарын анықтауға қолдау көрсету және олардың еңбек нарығындағы өзгерістерге
№218 жалпы білім беретін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп Парламенті» мүшелерінің ұйымдастыруымен «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
12
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, мейірімділік пен қамқорлыққа баулу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту. Жәрмеңке барысында оқушылардың шығармашылық еңбектері, өз қолымен жасалған бұйымдары мен сәндік заттары қойылды. Бұл іс-шара оқушылардың еңбекқорлығын, ұйымшылдығын және эстетикалық талғамын арттырды.Жәрмеңке ұйымшылдықпен, көтеріңкі көңіл күйде өтті.  Бұл шара оқушылардың бойында ізгілік, қайырымдылық
Мектебімізде «Менің болашақ қалам» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өткізілді.
10
қараша
2025
Мектебімізде «Менің болашақ қалам» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары
Іс-шара барысында оқушылар өз қиялындағы болашақ қаланы бейнелеп, экологиялық таза, заманауи, дамыған және жасыл қала туралы өз ойларын сурет арқылы көрсетті. Әрбір жұмыс ерекше идеяларымен және бояу үйлесімділігімен ерекшеленді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялдау арқылы өз елінің болашағын елестетуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.