“Үздік цифрлық директор-2025” қалалық байқауына қатысқан мектебіміздің директоры Закирова Айна Сырымханқызы жүлделі II орынды иеленді.
“Үздік цифрлық директор-2025” қалалық байқауына қатысқан мектебіміздің директоры Закирова Айна Сырымханқызы Заманауи цифрлық басқарудағы жоғары құзыреттілігін, шығармашылық ойлауын және кәсіби шеберлігін көрсете отырып, жүлделі II орынды иеленді.
Бұл мәртебелі нәтиже – білім беру саласындағы үздіксіз ізденістің, жүйелі еңбектің және мектеп ұжымын ортақ мақсатқа жұмылдыра білетін көреген басшылықтың айқын дәлелі. Айна Сырымханқызы жаңашыл бастамалары мен цифрлық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі мектеп қауымдастығы үшін үлкен мақтаныш.
Айна Сырымханқызы осы жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңалыққа жол ашар жігеріңіз бен білім саласындағы тың серпініңіз арта берсін. Алдағы уақытта да биік белестер мен толайым табыстарға жете беріңіз!

