«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі» » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі»
21
қараша
2025

«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі»

17.11.–27.11.2025 ж. аралығында ұйымдастырылған «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы мектептің білім беру кеңістігін жандандырып, оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралармен өрнектелді.
Апталық аясында 4 «Ә» сынып жетекшісі Садырбаева Ш. математика пәнінен «Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі» тақырыбында әдістемелік тұрғыдан сауатты құрылған, көрнекілігі мол ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар үш таңбалы сандарды бөлу кезеңдерін жүйелі түрде талдап, алгоритмдік ойлауды қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындады. Мұғалім түсіндіру, саралап оқыту, практикалық жаттығулар сияқты тиімді әдістерді ұштастыра отырып, балалардың логикалық ойлауын, есепті талдау және шешу қабілетін дамытуға кең мүмкіндік жасады.
Көрнекілік материалдар, интерактивті жұмыс түрлері және өмірмен байланысқан есептер сабақтың мәнін тереңдетіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әрбір оқушы белсенді қатысып, өз білімін тәжірибе арқылы бекітуге мүмкіндік алды.
Садырбаева Ш. өткізген бұл ашық сабақ бастауыш сынып апталығының мазмұнын толықтырып, оқушылардың математикалық мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосты.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив