«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталында дебат: «Кері байланыс-оқушыны табысты оқыту мен тәрбиелеудің негіз»
17.11–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» апталығы аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – «Кері байланыс – оқушыны табысты оқыту мен тәрбиелеудің негізі» тақырыбында өткізілген дебат.
Бұл дебатты Қайрат Ж. және Мықтыбаева Ж. мұғалімдер жүргізіп, заманауи білім беру үдерісінде кері байланыстың маңызын жан-жақты талқылады.
Дебат барысында қатысушылар кері байланыс арқылы оқушының оқу мотивациясын арттыру, жеке қабілеттерін ашу, оқу нәтижелерін жақсарту және тәрбие жұмысындағы тиімді тәсілдерді пайдалану туралы өз көзқарастарын білдірді. Әрбір спикер ғылыми негізделген пікірлер мен тәжірибеден алынған мысалдар келтіріп, кері байланыстың оқу сапасына әсерін жан-жақты ашып көрсетті.
Шара мұғалімдерге тәжірибе алмасу, заманауи әдістерді талқылау және өз кәсіби дамуына жаңа бағыт алу мүмкіндігін берді. Дебаттың жалпы атмосферасы ынтымақтастыққа, ой еркіндігіне және педагогикалық ізденіске құрылды.
Бұл іс-шара апталық мазмұнын байытып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға зор үлес қосты


