«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Тұбір сөз және туынды сөз»
17.11–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» апталығы аясында оқу үдерісін жандандыруға бағытталған түрлі пәндік іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы апталық аясында 17.11 күні қазақ тілі пәнінен «Тұбір сөз және туынды сөз» тақырыбында мазмұны бай, танымдық ашық сабақ Әлихан Ж. мұғалімінің жетекшілігімен өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар тұбір сөз бен туынды сөздің айырмашылығын ажыратып, сөз құрамын талдауды және жаңа сөз жасаудың жолдарын тәжірибе арқылы меңгерді. Мұғалім көрнекіліктерді, мысалдарды және логикалық тапсырмаларды тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Топтық және жеке жұмыстар арқылы оқушылар сөздерге талдау жасап, өз ойларын дәлелмен жеткізіп, тіл туралы білімдерін тереңдетті. Сабақтың жалпы атмосферасы ынтымақтастыққа, ойлануға және тілдік құзыреттілікті дамытуға бағытталды.
Бұл ашық сабақ апталықтың мазмұнын толықтыра отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыруға, сөздік қорын кеңейтуге және ойлау қабілетін дамытуға зор үлес қосты.











