01
қыркүйек
2025
1 қыркүйек күні Алматы қаласы Алатау ауданында орналасқан Келешек №218 жаңа жалпы білім беретін мектебінің ашылу салтанаты өтті. Бұл – тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен қатар білім мен болашаққа бастар үлкен қадам!
Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Сматлаев арнайы келіп, білім ошағының алғашқы қадам куәсі болды. Қонақты Алатау ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Е.Б., Білім бөлімінің бас маманы Накысбеков Д.С. және мектеп директоры А.С.Закирова қарсы алды
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.А. Сматлаев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мектептің оқушыларына табыс тіледі.
Салтанатты жиынды өнерпаздар көркемдеп, «Өркен домбыра» оркестрі өнер көрсетті.
Ерекше сәт – 1 және 11 сынып оқушыларының алғашқы қоңырау соғу рәсімі болды.
Сахна төріне көтерілген Абай атындағы ҚҰОБТ солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Аманбай Нұрғалым Ержанұлы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Келешек 218 мектебі – білімге құштар ұрпаққа жол ашатын, жаңашылдық пен мүмкіндіктер мекені.Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге толы болсын!