«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Өткенді қорытындылау» » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Өткенді қорытындылау»
26
қараша
2025

«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Өткенді қорытындылау»

17.11–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімдері оқу сапасын арттыруға бағытталған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырды. Сол шаралардың бірі – 4 «Б» сыныбымен математика пәнінен өткенді қорытындылау мақсатында өткізілген ашық сабақ болды.

Ашық сабақ барысында оқушылар оқу жылы бойы меңгерген негізгі тақырыптарды жүйелеп, есеп шығару дағдыларын жан-жақты көрсетті. Мұғалім оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмалар, интерактивті әдістер, топтық және жұптық жұмыстарды тиімді пайдаланды.

Практикалық жаттығулар арқылы оқушылар өз білімдерін нақтылап, есептерді дұрыс талдау, тиімді әдіс таңдау және нәтижені дәл шығару машықтарын бекітті. Сабақтың жалпы атмосферасы белсенділікке, ынтымақтастыққа, өз ойын еркін жеткізуге және бір-бірін қолдауға бағытталды.

Бұл ашық сабақ апталықтың мазмұнын толықтырып қана қоймай, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырып, білімдерін жүйелеуге және оқу жетістіктерін бағалауға үлкен үлес қосты.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив