21
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу»
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы жас буынға білімнің мәнін ұғындырып, олардың танымдық мүмкіндігін кеңейтуді көздеген сан қырлы іс-шаралармен толықты. Апталық аясында әр сынып өз ерекшелігін танытып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын мазмұнды сабақтар ұсынылды.
Осы игі шаралар қатарында 3 «В» сынып жетекшісі Седазимова Л. математика пәнінен «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу» тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін айырып, олардың ауданын табудың тиімді тәсілдерін меңгерді. Мұғалім көрнекілік материалдарды, интерактивті тапсырмаларды және өмірден алынған мысалдарды шебер қолдана отырып, балалардың математикалық ойлауын жандандыра түсті.
Оқушылар топтық жұмыс арқылы есептерді талдап, өз ойларын еркін жеткізіп, геометриялық түсініктерін бекітті. Сабақтың әр кезеңі оқушыларды қызықтыра отырып, олардың аналитикалық дағдыларын дамытуға, есеп шығаруда дәлдік пен ұқыптылыққа баулуға бағытталды.
Седазимова Л. өткізген бұл ашық сабақ бастауыш сынып апталығының мазмұнын байытып, оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.