«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Спорт – денсаулық кепілі» » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Спорт – денсаулық кепілі»
20
қараша
2025

«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Спорт – денсаулық кепілі»

17.11.–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, денсаулық, еңбек, білім құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мәнді іс-шаралармен толықты.
Апталық аясында 3 «А» сынып жетекшісі Мықтыбаева Ж. дүниетану пәнінен «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында мазмұны бай, тәрбиелік мәні зор ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар спорттың адам денсаулығына тигізетін оң әсерін, дене белсенділігінің өмір сапасын жақсартудағы рөлін жан-жақты талдады. Мұғалім түрлі көрнекіліктерді, бейнематериалдарды, практикалық тапсырмаларды шебер қолдана отырып, балалардың қызығушылығын оятты. Топтық және жаттығу жұмыстары арқылы оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, салауатты өмір салты туралы түсініктерін тереңдетті.
Сабақтың жалпы атмосферасы сергектікке, ынтымақтастыққа, қозғалыс пен құндылықты дәріптеуге бағытталды. Мықтыбаева Ж. оқушыларға спорттың тек дене шынықтыру ғана емес, ерік-жігер, тәртіп және мақсатқа жету мәдениеті екенін түсіндіре білді.
Бұл ашық сабақ бастауыш сынып апталығының мазмұнын байытып, оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін қалыптастыруға зор үлес қосты.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив