05
желтоқсан
2025
01–12 желтоқсан 2025 жыл аралығында өтетін Қоғамдық пәндер апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Кузембаева Д. 5 «Б» сыныбымен «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар сақтардың шығу тегі, өмір салты, жауынгерлік дәстүрі мен бай мәдени мұрасы туралы нақты тарихи деректермен танысты. Мұғалім көрнекі материалдар, карталар, мәтіндік талдау және топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың тарихи ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасады.
Оқушылар сабақ бойы белсенділік танытып, сақтардың қазақ тарихындағы маңызын талдап, өз ой-пікірлерін еркін жеткізді. Топтық жұмыс барысында тарихи деректерді салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін көрсетті.
Бұл ашық сабақ қоғамдық пәндер апталығының мазмұнын толықтыра отырып, оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға және өз халқының өткені туралы тереңірек білуіне ықпал етті.

