04
желтоқсан
2025
01–12 желтоқсан 2025 жыл аралығында өтетін Қоғамдық пәндер апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Халметова Г. 5 «Г» сыныбымен «На земле очень много профессий» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар түрлі мамандықтар туралы мағлұмат алып, әр кәсіптің қоғамдағы орны мен маңызын талқылады. Мұғалім мәтінмен жұмыс, жұптық талқылау және шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, болашақта қандай мамандық таңдағысы келетінін айтып, белсенділік танытты. Топтық жұмыс атмосферасы ынтымақтастыққа, ойлануға және жауапкершілікке бағытталды.
Бұл ашық сабақ апталықтың мазмұнын толықтыра отырып, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, мамандық таңдау туралы түсінігін кеңейтуге және болашаққа деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.







