24
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтары 6- сынып оқушыларымен «Мен және менің сыныбым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында оқушылар бір-бірімен ашық қарым-қатынас орнатуға, өз сыныбын мақтан тұтуға және ұжымда бірге жұмыс істеуге бағытталған бірнеше психологиялық жаттығулар орындады. Жаттығулар арқылы балалар өзара қолдау көрсету, тыңдау, өз ойын жеткізу дағдыларын жетілдірді. Топтық жұмыс пен шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ынтымақтастығын арттырды. 
