09
желтоқсан
2025
09 желтоқсан күні қоғамдық пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз еліміздің төл тарихындағы жаңа өзгерістер» тақырыбында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдарымен кездесу өткізілді.
Іс-шара мектептің акт залында 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Кездесуде институттың жетекші ғалымдары Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, тәуелсіз ел тарихындағы жаңа зерттеулер мен өзгерістер, қазіргі тарихи ғылымның даму бағыттары туралы мазмұнды баяндама жасады.
Оқушылар ғалымдарға өз сауалдарын қойып, ғылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарының маңызы және тарихшы мамандығы туралы жан-жақты ақпарат алды. Іс-шара оқушылардың тарихи ой-өрісін кеңейтіп, отансүйгіштік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.


