Ақпарат » Страница 12 » «№218 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№218 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 299-44-01
Есепші бөлімі:
+7(727) 299-44-01
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№218 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтары 6- сынып оқушыларымен «Мен және менің сыныбым»  тақырыбында  психологиялық тренинг өткізді.
24
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтары 6- сынып
Тренинг барысында оқушылар бір-бірімен ашық қарым-қатынас орнатуға, өз сыныбын мақтан тұтуға және ұжымда бірге жұмыс істеуге бағытталған бірнеше психологиялық жаттығулар орындады. Жаттығулар арқылы балалар өзара қолдау көрсету, тыңдау, өз ойын жеткізу дағдыларын жетілдірді. Топтық жұмыс пен шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ынтымақтастығын арттырды. 
№218 жалпы білім беретін мектебіміздің психологтары Камал А және Иманбекова М  7 - сынып оқушыларымен “Мен өзіме сенімдімін!” тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
24
қараша
2025
№218 жалпы білім беретін мектебіміздің психологтары Камал А және
Тренинг барысында қатысушылар стресс туралы негізгі ақпаратпен танысып, өз сезімдерін түсіну, эмоцияларын реттеу және жағымсыз көңіл күйді жеңу тәсілдерін меңгерді. Әр түрлі жаттығулар арқылы оқушылар позитивті ойлаудың маңызын ұғынды, сенімділік пен жауапкершілікті сезіне алды. Сонымен қатар, бір-бірін тыңдау мәдениеті, өзара қолдау көрсету, empatiya таныту және қауіпсіз қарым-қатынас орнату дағдылары дамытылды. Топтық жұмыс оқушылар арасында сенімді атмосфера қалыптастырып, олардың өз-өзіне
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі»
21
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында ұйымдастырылған «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы мектептің білім беру кеңістігін жандандырып, оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған мазмұнды іс-шаралармен өрнектелді. Апталық аясында 4 «Ә» сынып жетекшісі Садырбаева Ш. математика пәнінен «Үш таңбалы сандарға бөлу алгоритмі» тақырыбында әдістемелік тұрғыдан сауатты құрылған, көрнекілігі мол ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар үш
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу»
21
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы жас буынға білімнің мәнін ұғындырып, олардың танымдық мүмкіндігін кеңейтуді көздеген сан қырлы іс-шаралармен толықты. Апталық аясында әр сынып өз ерекшелігін танытып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын мазмұнды сабақтар ұсынылды. Осы игі шаралар қатарында 3 «В» сынып жетекшісі Седазимова Л. математика пәнінен «Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу» тақырыбында жоғары деңгейде
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы:«Әжемнің оюы. Текемет басу»
21
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы мектеп ішінде шығармашылық рухты жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шаралармен толықты. Әрбір сабақ — жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіретін рухани алаңға айналды. Апталықтың шеңберінде 3 «Б» сынып жетекшісі Қайрат Жанерке еңбекке баулу пәнінен «Әжемнің оюы. Текемет басу» атты ұлттық дәстүрге негізделген әсерлі де тәрбиелік мәні зор ашық
«Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында №218 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологтары Камал А. және Иманбекова М. жас мамандармен психологиялық тренинг өткізді.
20
қараша
2025
«Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында №218 жалпы білім
Шара барысында қатысушылар мамандық таңдауға әсер ететін факторларды талдап, өзін-өзі тану жаттығулары арқылы жеке құндылықтары мен кәсіби қызығушылықтарын анықтады. Психологтар арнайы интерактивті әдістерді қолдану арқылы жас мамандардың сенімділігін арттыруға, командалық жұмысты сезінуге және кәсіби мақсат қою дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті. Топтық жұмыс барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, болашақ маман ретіндегі жауапкершілігін сезініп, кәсіби дамудың маңызын түсінді.
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығының ашық сабағы: «Спорт – денсаулық кепілі»
20
қараша
2025
«Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып
17.11.–27.11.2025 ж. аралығында өткен «Бастауыштан басталар – жарқын болашақ!» атты бастауыш сынып апталығы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, денсаулық, еңбек, білім құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мәнді іс-шаралармен толықты. Апталық аясында 3 «А» сынып жетекшісі Мықтыбаева Ж. дүниетану пәнінен «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында мазмұны бай, тәрбиелік мәні зор ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар спорттың адам денсаулығына тигізетін оң әсерін, дене белсенділігінің
XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесі
19
қараша
2025
XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесі
19 қараша 2025 жылдары Алматы қаласында өткен XXIV Қазақстандық халықаралық «Білім және карьера» көрмесіне 11-сынып оқушылары қатысты. Шара «Атакентте» өтіп, оқушыларға еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындары, түрлі мамандықтар мен білім беру бағдарламалары жөнінде кең ауқымды ақпарат алуға мүмкіндік берді. Көрмеге қатысу барысында оқушылар әр оқу орнының таныстырылымдарын тыңдап, өз қызығушылықтары мен болашақ кәсіби бағытын айқындауға көмектесетін материалдармен танысты. Сонымен қатар,